«Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы» ММ бос прокурорлық лауазымдарға конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Вид конкурса: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

090000 Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 23, телефон - факс 8 7112 503347, электрондық мекен-жай: 7112380@prokuror.kz, 7112306@prokuror.kz

 

Орал қаласы прокуратурасының мемлекеттік айыптаушылар бөлімінің прокуроры – 1 бірлік, санаты (С-RGP-5) лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өткерген жылдарына байланысты 125 826 теңгеден 170 068 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері:

- Сотта мемлекеттік айыптауды қолдауды жүзеге асыру. Осы қадағалау саласы бойынша азаматтардың арыз – шағымдарын қарау және жоғары тұрған прокуратураның тапсырмаларын орындау.

- ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының қолданылуын қадағалау;

- бекітіліп берілген қадағалау салалары бойынша салалық Нұсқаулықтармен көзделген мерзімдерде қадағалау қызметінің басым бағыттары бойынша талдаулар, қорытындылау жүргізу;

- қылмыстық процесстің сотқа дейінгі сатысын қадағалау жөніндегі статистикалық есептерін дайындау.

 

Тасқала ауданы прокуратурасының прокуроры – 1 бірлік, санаты (С-RGP-5) лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өткерген жылдарына байланысты 125 826 теңгеден 170 068 теңгеге дейін (негізгі қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалыс уақытында)

 

                 Функционалдық міндеттері:

            - Сотта мемлекеттік айыптауды қолдауды жүзеге асыру. Осы қадағалау саласы бойынша азаматтардың арыз – шағымдарын қарау және жоғары тұрған прокуратураның тапсырмаларын орындау. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және сотта мемлекет мүдделеріне өкілдік ету;

-  атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау;

- ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалау;

- ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының қолданылуын қадағалау;

- бекітіліп берілген қадағалау салалары бойынша салалық Нұсқаулықтармен көзделген мерзімдерде қадағалау қызметінің басым бағыттары бойынша талдаулар, қорытындылау жүргізу;

- қылмыстық, азаматтық, әкімішілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және сотта мемлекет мүдделеріне өкілдік ету, атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау жөніндегі статистикалық есептерін дайындау.

Осы қадағалау саласы бойынша азаматтардың арыз – шағымдарын қарау және жоғары тұрған прокуратураның тапсырмаларын орындау.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

            Жоғары кәсіби білім, құқық қорғау органдарын қызмет атқаруға денсаулық жағдайының жарамдылығы.

 

Құзыреттер бойынша талаптар:

            Моральдық-психологиялық тұрақтылық, адамдармен жұмыс істей білуі, стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, ұйымдастырушылық қабілеті.

 

Жұмыс тәжіребесі бойынша талаптар: жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген мекен – жай бойынша хабарланады.

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

            «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығына сәйкес:

  1. Осы Ережелерге сәйкес нысандағы өтінішті;
  2. Осы Ережелерге сәйкес нысандағы сауалнаманы;
  3. Осы Ережелерге сәйкес нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекен-жайы мен телефонын, оның ішінде байланыс жасайтын телефонды көрсете отырып) кадр есебі жөніндегі жеке іс парағын;
  4. Жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, осы Ережелерге сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен немесе басылған түрде жазылған толық өмірбаянын;
  5. Жеке сәйкестіру нөмірі қамтылған Қазақстан Республикасының азаматтығын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  6. Бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерiн;
  7. Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
  8. Әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
  9. 3х4 үлгідегі (3 дана) сурет;
  10. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша салық органына табыс еткенін растайтын құжаттар;
  11. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

Тестілеу бағдарламасында көзделген нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының 70 пайызынан кем емес дұрыс жауаптардан тұрады.

  1. Прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;
  2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;
  3. Соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

 

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Приложение 2

к Правилам проведения конкурса

и стажировки для занятия

должностей в органах, ведомствах

и учреждениях прокуратуры

Республики Казахстан

 

Форма

__________________________

Руководителю органа, ведомства

__________________________

и учреждения прокуратуры

 

Заявление

Прошу допустить меня к участию в конкурсе на занятие вакантной должности (наименование должности)______________________________________________________________________­­­­___

 ___________________________________________________________________________________

С условиями и порядком проведения конкурса на занятие вакантной должности в органах прокуратуры Республики Казахстан ознакомлен (ознакомлена), согласен (согласна) и обязуюсь их выполнять. Подлинность представленных документов подтверждаю.                                                           

 

(Подпись)                                                           

(ф.и.о.)                                     

"____"_______________ 20____ г.

 

 

 

Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарында,
ведомстволары мен мекемелерінде
лауазымдарға орналасу үшін
конкурс пен тағылымдама өткізу
ережесіне 2-қосымша

 

         Нысан

 

__________________________________

Прокуратура органының, ведомствосы

__________________________________

мен мекемесінің басшысы

Өтініш

____________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

(лауазымның атауы)

бос лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының бос лауазымдарына орналасу үшін конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібімен таныстым және оларды орындауға міндеттенемін. Ұсынылған құжаттардың түпнұсқа екендігін растаймын.

 

(Қолы)

(Т.А.Ә.)

 

20 ___ жылғы "__" _____________