Ақмола облысы прокуроры тағайындалды

28 February 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурордың бұйрығымен Ақмола облысы прокурорының болып аға әділет кеңесшісі Майлыбаев Айдос Серікханұлы тағайындалды.

А.Майлыбаев 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Жоғары құқықтық білімі бар.

Алматы облысының екі ауданының прокуроры болып қызмет атқарған.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары және Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары болған.

Осы тағайындауға дейін Бас прокуратураның Департамент бастығы болған.

Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудегі жетістігі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» (2014ж.) медалімен марапатталған.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі