Бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларының жобасы туралы

21 February 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2020 жылғы 21 ақпанда нормативтік құқықтық актілердің ашық мәліметтерінің интернет-порталына «Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу және оны өткізу шарттарын, сондай-ақ оларды бастапқы кәсіби даярлықтан шығару негіздері қағидаларын бекіту туралы» құқық қорғау органдары
басшыларының Бірлескен бұйрығының жобасы орналастырылды (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=3200103) (бұдан әрі – бұйрықтың жобасы).

Бұйрықтың жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаларды жетілдіру және адамның құқықтарын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 292-VІ ҚРЗ Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

Бұйрықтың жобасы көпшілік талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.