БАҚ үшін ақпарат

17 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

БАҚ-та және әлеуметтік желілерде сотталған А. Кондратенконың өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатқан арнайы прокурор А.Е. Таштенов тарапынан психологиялық қысым нәтижесінде өзін-өзі өлтіруге талпынған ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/22 колониясы қызметкері Т.Амантаевтың  зайыбы – А.Амантаеваның бейнеөтініші таралуда.

Т. Амантаевтың өзін-өзі өлтіруге талпыну фактісі СДТБТ тіркелді және мүдделілікті болдырмау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру ішкі істер органдарына жүктелді.

Бұдан бөлек, қазіргі таңда Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаменті қызметтік тексеру жүргізуде.

Тергеу нәтижелері қосымша хабарланатын болады,

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу