Іздеудегі адам Өзбекстаннан экстрадицияланды

29 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылғы 26 қаңтар, Алматы. Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Өзбекстаннан Артур Трофимовты экстрадициялады.

Ұсталған адам 2005-2009 жылдарда «БТА Банк» АҚ-дан аса ірі мөлшерде ақша жымқыруға сыбайлас қатысқаны үшін және оны заңдастыруда (жылыстатуда), сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарды деген күдік келтірілді.

Оны экстрадициялау қазақстандық құқық қорғау органдарының өзбек әріптестерімен бірлесе отырып үйлесімді әрекет жасауының арқасында мүмкін болды.

                                                                     

Бас прокуратураның баспасөз қызметі