Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасы туралы

20 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2020 жылғы 20 наурызда НҚА ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=3433042) «Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) жарияланды.

Бұйрық жобасымен Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидаларының «Прокурорлық қадағалаудың бағыттары, ұйымдастыру-кадр және талдау қызметі бойынша мамандандыру» деп аталатын  қосымшасындағы 7-тармағында «№ 7 Блок (Академия)» көрсетілген Үкіметтің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орындарынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы екі сұрақ, Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарындағы екі сұраққа өзгертілді.

Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы