

2020 жылғы 20 және 21 қаңтарда нормативтік құқықтық актілердің ашық мәліметтерінің интернет-порталына:
- «Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне және экономикалық тергеу қызметіне орналасатын және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіби даярлықтан өтетін адамдар үшін стипендияны анықтау туралы» (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2944336);
- «Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2944258);
- «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы №683 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2944294) Үкімет қаулыларының жобалары орналастырылды.
Үкімет қаулыларының жобалары «Қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаларды жетілдіру және адамның құқықтарын күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 292-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Үкімет қаулыларының жобалары бұқаралық талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы