Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы бос лауазымдға конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы

130000 Ақтау қаласы, 9 шағын ауданы, 23/2 ғимараты, анықтама телефоны 8(7297) 427270, факс 8(7297)427270, 7297160@kgp.kz

  Бос лауазымдға конкурс жариялайды:

 

- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі аға прокуроры – 1 бірлік (категория C-OКGP-6).

Қызметтік міндеттері: құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен ақпараттық-технологиялық бойынша  қызметтерді ұйымдастыру және жұмыстарын жүргізу, Басқарманың ақпараттық техникалық қызметтерді ұйымдастыру, соның ішінде жүйелік, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелермен, сонымен қатар ақпараттық ресурстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қадағалау.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 159 627 теңгеден   215 372  теңгеге дейін.

Біліктілікке койылытын талаптар:

  1. прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдағы екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы;
  2. немесе мемлекеттік қызметте үш жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы;
  3. немесе осы санаттағы нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы тиіс.

Құжаттарды қабылдау орны:

         Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнінідегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы, мекенжайы: Ақтау қаласы, 9 шағын ауданы, 23/2 ғимараты.         Құжаттарды қабылдау уақыты: конкурс өткізу жөніндегі соңғы хабарламаны жариялаған күннен 5 жұмыс күні ішінде.

Конкурс келесі құжаттардың негізінде жүргізіледі:

1)  Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының  04.05.2014 жылғы №40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту туралы Ережесінің (әрі қарай - Ереже) 2 қосымшасына сәйкес нысанды өтініш;

2) көрсетілген Ереженің 2 қосымшасына сәйкес сұрақтама;

3) Ережедегі 4 қосымшаға сәйкес,  кадр есебі бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұратын жері және телефоны, оның ішінде байланыс телефоны); 

4) Ереженің 5 қосымшасындағы нысанға сәйкес, бұрынғы жұбайларымен қоса жақын туыстарын көрсете отырып бастырылған түрде, өз қолымен толтырылған өмірбаян;

5) Қазақстан Республикасы азаматы ретінде куәландыратын нотариалды расталған жеке куәлік көшірмесі;

6) білімі туралы нотариалды расталған құжаттардың көшірмесі;

7) нотариалды куаландыралған еңбек қызметін растайтын құжаттар көшірмесі;

8) әскери билет немесе әскерге шақырылғандар қатырына бар екендігі туралы куәлік көшірмесі;

9) 3х4 өлшемді фотосурет (3 дана);

10) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңына сәйкес, тұрғылықты мекен – жайындағы салық органынан азаматты және оның жұбайының кірістері және мүліктері туралы декларация ұсынылғаны жөніндегі құжаттары;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырар алдында маңызы бар, қолданыстағы заңнамалар қағидаларын білу бойынша компьютерлік тестілеудің нәтижесі;

Ереженің 6 қосымшасына сәйкес тестілеу Бағдарламасында көрсетілген Нормативтік құқықтық актілер сұрағы бойынша жалпы саны 70% дұрыс жауабын құрайды.

12) міндетті арнайы тексеру және прокуратура органдары қызметіне жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссия, медициналық және психофизиологиялық, сонымен қатар полиграфологиялық зерттеудің өткендігі жөніндегі қорытындысы;

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарынан соттылығы жоқтығы, бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімішілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығы туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс орнынан (оқу орны) мінездеме.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби дәрежесіне және іскери абыройына байланысты  (ғылыми (академиялық) дәрежелерді иемдену және шен, мінездеме, ұсыныстар, ғылыми жариялымдар біліктілікті жоғарылату туралы) толығырақ мәліметтер ұсыныла алады.