Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қылмыстық қудалау қызметі туралы ЕРЕЖЕ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2017 жылғы 29 желтоқсандағы

№172 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Қылмыстық қудалау қызметі туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қылмыстық қудалау қызметі (бұдан әрі - Қызмет) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі – Бас прокуратура) дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады.
  2. Қызмет өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің және Бас Прокурордың (бұдан әрі – Бас Прокурор) құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Қызметтің құрылымы, штаттық санын заңнамада белгіленген тәртіпте Бас Прокурор бекітеді.
  4. Қызмет:
  1. Ұйымдастырушылық-бақылау басқармасынан;
  2. Қылмыстық қудалау сапасын талдау басқармасынан:
  3. Ішкі істер органдарының істері жөніндегі қылмыстық қудалау басқармасынан:

ІІМ Орталық аппаратының істері жөніндегі қылмыстық қудалау бөлімінен;

ІІМ істері жөніндегі аймақтық қадағалау бөлімінен;

  1. ҰҚК және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы қызмет істері жөніндегі қылмыстық қудалау басқармасынан:

ҰҚК және СЖҚІҰБ орталық аппаратының істері жөніндегі бөлімінен;

сыбайлас жемқорлық қызметі мен ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі аумақтық қадағалау бөлімінен;

  1. Экономикалық тергеулер қызметінің (бұдан әрі - ЭТҚ) және арнайы прокурорлар істері жөніндегі қылмыстық қудалау басқармасынан:

ЭТК орталық аппаратының және арнайы прокурорлардың істері жөніндегі қылмыстық қудалау бөлімінен;

ЭТҚ және арнайы прокурорлардың істері жөніндегі аймақтық қадағалау бөлімінен;

  1. Арнайы іс-шаралар мен контрбарлау қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасынан (бұдан әрі - КБҚ);
  2. Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасынан (бұдан әрі - ЖІҚ);
  3. Өңірлік бақылау тобынан (Алматы қаласы) құрылған.

 

2. Қызметтің негізгі қызметі, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Қызметтің негізгі міндеттері:
  1. қылмыстық қудалауды, ЖІҚ, КБҚ жүзеге асыру кезінде адам мен қызметтің құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;
  2. қылмыстық қудалауды, ЖІҚ, КБҚ жүзеге асыру кезінде заңдылықты бұзуды және оған ықпал ететін себептер мен шарттарын анықтау және жою;
  3. қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезінде құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
    1. Қызметтің негізгі функциялары:
  1. қылмыстық қудалаудың және ЖІҚ сапасын талдайды;
  2. қылмыстық қудалауды, ЖІҚ, КБҚ жүзеге асыру кезінде дұрыс бірізді тәжірибені қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған шаралар әзірлейді;
  3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Үйлестіру кеңесінің алқа отырыстарына заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша, жедел және аппараттық кеңестерге  материалдарды дайындауды жүзеге асырады; 
  4. қылмыстық қудалауды, ЖІҚ және КБҚ заңдылығын қамтамасыз ету бойынша төмен тұрған прокуратуралардың қызметін ұйымдастырады;
  5.  өз құзыреті шегінде норма шығармашылық қызметіне қатысады;
  6. Бас прокуратураның басшылығының нұсқауы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
    1. Қызметтің қылмыстық қудалау заңдылығын қамтамасыз ету саласындағы негізгі функциялары:
  1. Қазақстан Республикасы орталық құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарының және олардың аумақтық бөліністерінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қамтамасыз етеді;
  2. төмендегі прокуратуралардың жұмысына аумақтық бақылауды жүзеге асырады және орталық құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылықтың жағдайына талдау жүргізеді;     
  3. Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырып жатқан лауазымды адамдардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ құзыреті шегінде заңнамамен және Бас прокуратураның ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарымен белгіленген өзге де өтініштерді қарайды;
  4. материалдар мен қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырып жатқан органдардың, төмен тұрған прокурорлардың шешімдерінің негізділігі мен заңдылығын тексереді және олардың заңсыз және негізсіз шешімдері мен қаулыларының күшін жояды;
  5. заңда белгіленген тәртіппен орталық құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарда, олардың аумақтық бөліністерінде қолданыстағы заңнаманың қолданылуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қылмыстық қудалау мәселелері бойынша бұйрықтар мен нұсқаулардың орындалуын тексереді, прокурорлық қадағалау актілерін енгізеді;
  6. төмен тұрған прокуратураларды қылмыстық қудалау, мемлекеттік айыптау, ЖІҚ, КБҚ заңдылығын қамтамасыз етуді ұйымдастыруына басшылық етуді және бақылауды жүзеге асырады, Бас Прокурордың бұйрықтарының орындалуын тексереді, оң тәжірибені тарату бойынша жұмыс жүргізеді;
  7. Бас прокуратура басшылығының нұсқауы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
    1. Қызметтің ЖІҚ және КБҚ саласындағы негізгі функциялары:
  1. ЖІҚ және КБҚ заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады, ЖІҚ және КБҚ субъектілерінің әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды және арыздарды қарайды;
  2. ЖІҚ заңдылығын қадағалау тәжірибесін жалпылайды және оны жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлейді;
  3. ЖІҚ субъектілерінің қызметін үйлестіреді;
  4. ЖІҚ және КБҚ субъектілерінің құқықтық актілерінің жобаларын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келу мәніне зерделейді;
  5. ЖІҚ және КБҚ заңдылығын қамтамасыз ету бойынша төмен тұрған прокуратуралардың қызметін бақылайды, ЖІҚ және КБҚ субъектілерін тексеруді жүзеге асырады;
    1. Қызмет оның негізгі міндеттерін, қызмет бағыттары мен функцияларын іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерді заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

 

3. Қызмет жұмысын ұйымдастыру

 

  1. Қызмет заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие;
  2. Қызметті заңнамада белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Қызмет бастығы басқарады.
  3. Қызмет бастығы:
  1. Қызметке жалпы басшылықты жүзеге асырады және оған жүктелген міндеттердің орындалуына және функциялардың жүзеге асырылуына дербес жауап береді;
  2. Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасарының келісімі бойынша бос лауазымдарға орналастыру мәселелерін қарайды, Қызметтің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді, қызметкерлерді аттестаттау үшін материалдар ұсынады, оларға сыныптық шен беру, көтермелеу не болмаса тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді, оларды таныстырады;
  3.  Өз құзыреті шегінде Қызметтің Бас прокуратураның басқа да бөліністерімен, мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз етеді;
  4. Қызметтегі бақылау құжаттарын бөледі;
  5. өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптар береді, оларды қабылдауды жүзеге асырады;
  6. құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыстың жай-күйін талдауды ұйымдастырады;
  7. құзыреті шегінде төмен тұрған прокуратураларға тапсырмалар мен сұрау салулар жолдайды, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырып жатқан органдарының өндірісіндегі материалдар мен қылмыстық істерді сұратады;
  8. лауазымды адамдарға және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырып жатқан органдардың қызметкерлеріне қатысты тәртіптік өндірісті қозғау туралы қаулыны қозғайды не болмаса бекітеді;
  9. қылмыстық істер мен материалдар бойынша қаулылар мен өзге де процестік шешімдердің күшін жояды не болмаса бекітеді, нақты қылмыстық істер бойынша жазбаша нұсқаулар береді;
  10. Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасарына Қызмет қызметкерлері арасында функциялық міндеттерді бөліп, оны бекітуге ұсынады, оларға өзге де міндеттерді орындауды жүктейді;
  11. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Бас Прокурордың құқықтық актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
  1. Қызмет бастығының жалпы функциялары:
  1. қарамағындағы қызметкерлердің арасында келіп түскен тапсырмалар мен құжаттарды (материалдарды) бөледі;
  2. өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптар береді, оларды қабылдауды жүзеге асырады;
  3. өз құзыреті шегінде төмен тұрған прокурорларға сұрау салулар жолдайды, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырып жатқан органдарының өндірісіндегі материалдар мен қылмыстық істерді сұратады;
  4. қылмыстық істер мен материалдар бойынша қаулылардың және өзге де процестік шешімдердің күшін жояды не болмаса бекітеді, нақты қылмыстық істер бойынша жазбаша нұсқаулар береді;
  5. жетекшілік ететін басқармалардың жұмысын жоспарлауды ұйымдастырады, көшпелі тексеріс өткізу туралы Қызмет бастығына ұсыныс енгізеді;
  6. төменгі прокуратуралардың әдістемелікті қамтамасыз ету дайындығын жүргізеді және қылмыстық қудалау сапасының мәселесі бойынша сот-тергеу іс-тәжірибесін қалыптастырады;
  7. жетекшелік ететін бағыттар бойынша БАҚ-та сыни жарияланымдарға ұдайы мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді;
  8. Қызмет бастығына жүктелген өзге де тапсырмаларды жүзеге асырады.
  1. Қызмет бастығының орынбасары (талдау және ұйымдастырушылық-бақылау жұмысы бойынша):
  1. аналитикалық қызметтің және жобалау басқармасының мәселелеріне жетекшілік етеді, Қызметтегі іс қағаздарды жүргізуге, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауды бақылауды жүзеге асырады;
  2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Үйлестіру кеңесінің алқа отырыстарына заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша, жедел және аппараттық кеңестерге  материалдар дайындауды жүзеге асырады; 
  3. қылмыстық қудалау сапасы мәселелері бойынша, құқықты қолдану тәжірибесі, оның ішінде халықаралық тәжірибені зерделеу арқылы проблемаларын анықтау және жою бойынша төмен тұрған прокуратураларды әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  4. Қызметтің Бас Прокурордың Аппаратымен және Бас прокуратураның Құқық қорғау қызметтері орталығымен өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз етеді; 
  5. Бас Прокурордың және оның жетекшілік ететін орынбасарының азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады.
  1. Қызмет бастығының орынбасары (ішкі істер органдарының істері жөніндегі қылмыстық қудалау бойынша):
  1. өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы ІІМ орталық аппаратының істері жөніндегі қылмыстық қудалау мәселелеріне жетекшілік етеді;
  2. Өз құзыреті шегінде ішкі істер органдарының істері жөніндегі процесс прокурорларының қызметіне жетекшілік етеді;
  1. Қызмет бастығының орынбасары (ҰҚК, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің, ЭТҚ және арнайы прокурорлардың істері жөніндегі қылмыстық қудалау бойынша):
  1. құзыреті шегінде Бас прокуратура Арнайы прокурорлар қызметінің, ҰҚК, ЭТҚ және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің істері жөніндегі қылмыстық қудалау мәселелеріне жетекшілік етеді;
  2. құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік органдары, сыбайлас жемқорлық қызметінің, ЭТҚ және арнайы прокурорлардың істері бойынша процесс прокурорларының қызметі мәселелеріне жетекшілік етеді;
  1. Қызмет бастығының орынбасары (ЖІҚ және КБҚ бойынша):
  1. ЖІҚ және КБҚ заңдылығын қадағалау мәселелеріне жетекшілік етеді;
  2. арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын (бұдан әрі - АЖІІ) өткізуге санкциялар алу үшін ЖІҚ және КБҚ субъектілері ұсынатын материалдарды зерделеуді ұйымдастырады;
  3. АЖІІ мен жасырын тергеу әрекеттерін өткізудің заңдылығын тексеруді ұйымдастырады;
  1. Қызмет бастығының орынбасарлары, Басқармалар мен бөлімдер бастықтары қарамағындағы қызметкерлердің орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді.
  2. Басқармалар мен бөлімдер бастықтары олар басқаратын бөліністердің жұмысын ұйымдастырады және оларға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы үшін жауап береді.
  3. Қызмет қызметкерлері Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасары, Бас Прокурордың бұйрықтары мен нұсқауларымен бекітілген міндеттерді бөлуге сәйкес өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асырады, басшылықтың өзге де қызметтік тапсырмаларын орындайды.
  4. Қызметтегі жалпы және құпия іс жүргізу Қазақстан Республикасы прокуратураның органдарында, ведомстволарында және мекемелерінде құжаттандыру және басқару қағидаларына және құпиялылық режимді қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік актілерге сәйкес жүзеге асырылады.